Rosetta
Бұл не нәрсе?
Rosetta — фондық режимде істейтін қосымша бағдарламалық жасақтама. Бұл Intel процессорлары бар Mac компьютерлеріне арналған қосымшаларға Apple процессорлары бар Mac компьютерлерінде жұмыс істеуге мүмкіндік береді.
Маңызды
Rosetta-ның алғашқы нұсқасы 2006 жылы шыққан және 2011 жылдан бастап қолданылмайды. Rosetta-ның екінші нұсқасын орнатуға кеңес береміз.
Қалай орнату керек?
Егер сізде Apple процессоры бар Mac құрылғысы болса, кез келген қосымшаны алғашқы рет іске қосқан кезде сізге автоматты түрде Rosetta бағдарламасын орнату туралы ұсыныс жасалады.

Сондай-ақ, бағдарламаны өзіңіз орната аласыз:
- Терминалда
softwareupdate --install-rosettaпәрменін енгізіңіз. - Лицензиялық келісімнің шарттарын қабылдаңыз.
Rosetta сіздің компьютеріңізге орнатылады.