SaveFrom.net, Frigate және бірқатар басқа кеңейтімдер әлеуетті қауіпті және әділетсіз әрекеттеріне байланысты сөндірулі.
Кеңейтімдер — бұл жаңа мүмкіндіктерді қосатын браузерге енгізілген шағын бағдарламалар, мысалы жағымсыз жарнаманы оқшаулайды, түнгі режимді қосады немесе құпиясөздерді басқарады. Яндекс Браузерге Браузер пәрмені жасаған Chrome немесе Opera браузері секілді сыртқы каталогтердегі кеңейтімдерді орнатуға болады.
Ескерту
Кеңейтімдер арасында зарарлы бағдарламалар жиі кездеседі, өйткені оларды браузерлерді жасаушылар ғана емес, сонымен қатар үшінші тарап бағдарламашылары да жасайды. Сондықтан Браузер тексерілмеген дереккөздердің кеңейтімдерін өшіреді және мерзімді түрде бұрын орнатылған кеңейтімдердің арасында көшірмелердің бар-жоғын тексереді.
Кеңейтімдер тізімін көру
Бар кеңейтулерді талдау және пайдаланушылардың қалауын зерттеу Браузер үшін ең танымал, пайдалы және қауіпсіз кеңейтімдерді іріектеуге мүмкіндік берді.
Кеңейтімдер тізімін ашу үшін Настройки Яндекс Браузера → Кеңейтімдер батырмасын басыңыз.
Тізімде алдын ала орнатылған кеңейтімдер (мысалы, Антишок) және Браузердің қосымша функциялары аталған (мысалы, синхрондау).
Кеңейтімді таңдаңыз және Орнату батырмасын басыңыз.
Каталогтан
Яндекс Браузермен үйлесімді сыртқы каталогтерден: Chrome браузері немесе Opera браузері кеңейтімдерін орната аласыз.
Экранның жоғарғы оң жағындағы Расширения батырмасын басыңыз.
Ашылған терезеде Кеңейтімді қосу батырмасын басыңыз.
Қажетті кеңейтім бетіне өтіп, + Яндекс Браузерге қосу батырмасын басыңыз.
Ашылған терезеде кеңейтім қолжетімді болатын деректер тізімімен танысыңыз. Егер сіз деректеріңізге кіруге келіссеңіз, орнатуды растаңыз.
Экранның жоғарғы оң жағындағы Расширения батырмасын басыңыз.
Ашылған терезеде Кеңейтімдерді басқару батырмасын басыңыз.
Тізімнен кеңейтімді тауып, оны қосыңыз немесе өшіріңіз.
Кеңейтім баптауларына кіру үшін:
Экранның жоғарғы оң жағындағы Расширения батырмасын басыңыз.
Кеңейтімнің жанындағы Меню → Параметрлер батырмасын басыңыз. Егер мұндай түйме жоқ болса, онда кеңейтімнің параметрлері жоқ.
Алдын ала орнатылғандар
Алдын ала орнатылған кеңейтімдерді (Антишок, Жарнаманы бұғаттау, Кеңесші, Пошта және т.б.) жою мүмкін емес, оларды өшіруге болады.
«Басқа дереккөздерден» бөлімінде
Экранның жоғарғы оң жағындағы Расширения батырмасын басыңыз.
Кеңейтімнің жанындағы Меню → Яндекс Браузерден өшіру батырмасын басыңыз.
Басқа бөлімдерде
browser://extensions парақшасын ашыңыз.
Кеңейтімді тауып алып, Жою батырмасын басыңыз.
Кеңейтім Браузер файлдарынан өшіріледі, бірақ Толықтырулар парақшасынан жоғалмайды. Қосқан кезде ол қайта жүктеліп, қайтадан орнатылады.
Ескерту
Расширения белгішесі жоқ дегенде бір жүктелген кеңейтім бар болса, пайда болады. Егер белгіше болмаса, кеңейтімдер тізімін ашу үшін Настройки Яндекс Браузера → Кеңейтімдер батырмасын басыңыз.
Кеңейтім белгішесі
Кейбір кеңейтімдерді қосқаннан кейін, олардың белгішесі Ақылды жолдың оң жағында пайда болады. Кеңейтімнің функцияларын пайдалану үшін белгішені басыңыз:
Белгішені жасыру
Таңбашаны көрсету
Экранның жоғарғы оң жағындағы Расширения батырмасын басыңыз.
Кеңейтімнің жанындағы Кнопка Закрепить батырмасын басыңыз.
Экранның жоғарғы оң жағындағы Расширения батырмасын басыңыз.
Кеңейтімнің жанындағы батырмасын басыңыз.
Кеңейтім үшін ыстық пернелерді орнату
Қажетті кеңейтімді жылдам іске қосу немесе жұмыс кезінде әрекеттерді орындау үшін ыстық пернелерді орнатуға болады:
Қажетті кеңейтімді таңдап, Толығырақ түймесін басыңыз.
Егер кеңейтімде жылдам пернелер болса, оларды кеңейтімнің сипаттамасында көресіз.
Ыстық пернелер тіркесімін орнату үшін әрекетті таңдап, меңзерді оның атауының оң жағындағы өріске орнатыңыз.
Бір немесе бірнеше қызметтік пернелерді (Ctrl, Shift, Alt) және сіздің таңдауыңыз бойынша пернені басып тұрыңыз.
Браузер қандай кеңейтімдерді қолдамайды?
Браузер тек Chrome браузері немесе Opera браузері каталогтеріндегі кеңейтімдерді қолдайды, онда олардың қауіпсіздігі тексеріледі. Егер басқа дереккөзден кеңейтімді орнатуға тырыссаңыз, онда хабарламаның біреуін көресіз: