---
metadata:
  - name: generator
    content: Diplodoc Platform v5.55.0
alternate:
  - https://yandex.by/support/browser-beta/en/favourites/izbrannoe-sync-restore.md
  - https://yandex.by/support/browser-beta/kk/favourites/izbrannoe-sync-restore.md
  - https://yandex.by/support/browser-beta/ru/favourites/izbrannoe-sync-restore.md
  - https://yandex.by/support/browser-beta/tr/favourites/izbrannoe-sync-restore.md
  - https://yandex.by/support/browser-beta/uz/favourites/izbrannoe-sync-restore.md
  - href: kk/favourites/izbrannoe-sync-restore.md
    type: text/markdown
    title: Markdown version
  - href: ../llms.txt
    type: text/markdown
    title: llms.txt
keywords:
  - Яндекс браузерде бетбелгілер қайда жоғалып кетті.
---
> **Documentation Index:** Fetch the complete configuration index at https://yandex.by/support/browser-beta/kk/llms.txt


<!-- source: kk/_includes/macOS.md -->
#|
||
**macOS пайдаланушыларына**

Сіз macOS жүйесі үшін қолжетімсіз Браузердің бета-нұсқасының Анықтамасын қарап отырсыз.

macOS жүйесіне арналған Браузер [негізгі нұсқаның Анықтамасында](https://yandex.ru/support2/browser/ru/) сипатталған.
||
|#
<!-- endsource: kk/_includes/macOS.md -->

# Синхрондау және қалпына келтіру

## Бетбелгілерді синхрондау {#bookmarks-devices}

[Синхрондаудан](https://yandex.by/support/browser-beta/kk/device/sync.md) кейін Браузерде барлық синхрондалған құрылғылардан (компьютер, планшет, смартфон) бетбелгілер көрсетіледі.

Бетбелгілерді синхрондау ерекшеліктері:

- Бір құрылғыда бетбелгілерді қосқан немесе жойған болсаңыз, бұл өзгерістер желідегі басқа құрылғыларда көрсетіледі.

- Егер бір бет үшін бетбелгілерді әртүрлі құрылғыларда сақтасаңыз, сервермен басқаларынан ерте синхрондалған бетбелгі сақталады.

- Бір үлгідегі құрылғылардың бетбелгілері жалпы тізімге біріктіріледі. Мысалы, қадамдастыру екі компьютер мен смартфонда қосылса, смартфондағы бетбелгілерде **Компьютер** қалтасын көресіз және онда екі компьютердегі бетбелгілер біріктіріледі.

Басқа құрылғыдағы бетбелгілерді көру үшін:

1. **![](../_image/settings-icon.svg)**&nbsp;→ **Бетбелгілер**&nbsp;→ **Бетбелгілер менеджері** батырмасын басыңыз.


1. Сол жақ қалталар тізімінен қажетті құрылғыны таңдаңыз. ![](../_image/bookmarking-sync.png)

Бетбелгілерді синхрондауды өшіру үшін:

1. **![](../_image/settings-icon.svg)**&nbsp;→ **Баптаулар**&nbsp;→ **Жалпы баптаулар**&nbsp;→ **Синхрондау**&nbsp;→ **Синхрондау баптаулары** тармағын басыңыз.


1. **Бетбелгілер** опциясын өшіріңіз.

Содан кейін басқа құрылғылардағы бетбелгілер Бетбелгі реттеушісінде көрсетілмейді.

Егер бетбелгілер синхрондалмаса, синхрондау баптауларында **Бетбелгілер** опциясының қосылғанын тексеріңіз.


## Бетбелгілерді қалпына келтіру {#restore}

- Егер сіз `browser://bookmarks` бетбелгілерді өшіріп тастаған болсаңыз, **Бетбелгілер жинақтамасы** бөлімінің оң жақ жоғарғы бұрышында **![](../_image/bookmark-menu-icon.png)** → **Өшіруді болдырмау** түймесін басыңыз.

    {% note warning %}

    Егер `browser://bookmarks` парақшасын қайта жүктеген немесе бетбелгілерді жойғаннан кейін бірден басқа парақшаға өткен болсаңыз, бетбелгілерді мұндай әдіспен қалпына келтіре алмайсыз.

    {% endnote %}

- Егер HTML файлында бетбелгілердің сақтық көшірмесін сақтаған болсаңыз, файлдағы бетбелгілерді [импорттаңыз](https://yandex.by/support/browser-beta/kk/favourites/izbrannoe-import-export.md#import).



<a href="../support/support">
<span class="button">Қолдау қызметіне жазу</span>
</a>


<!-- source: kk/_includes/black-button-styles.md -->



<!-- endsource: kk/_includes/black-button-styles.md -->