Синхрондау — бұл құрылғыларыңыздағы Браузерлер арасында деректер алмасу. Деректерді аралық сақтау үшін Яндекс сервері қолданылады, онда ақпарат қорғалған арна бойынша, ал құпиясөздер шифрланған түрде беріледі. Сервердегі деректер авторлану жүйесімен қорғалған. Синхрондау құрылғыңыз жоғалған немесе бұзылған болса, барлық құрылғылардан деректерге қатынауды және деректерді қалпына келтіруді қамтамасыз етеді.
Синхрондау не үшін қажет?
Назар аударыңыз
Бөтен немесе жалпыға қолжетімді құрылғыларда синхрондауды қоспаңыз, Инкогнито режимін қолданыңыз.
Әдепкісінше Тақта, бетбелгілер, құпиясөздер, карталар, автотолтыру деректері, тарих, қойындылар және қойындылар топтары (егер оларды топтар мәзірінде бұлттық еткен болсаңыз), кеңейтімдер және баптаулар синхрондалады.
Синхрондау сізге мынадай мүмкіндік береді:
синхрондалған құрылғыларда құпиясөздер менеджерін қолдану (құпиясөздерді автоматты түрде қою, құпиясөздерді шифрланған қоймада сақтау, егер сіз мастер-құпиясөзді ұмытып қалсаңыз, сайтқа кіруді қалпына келтіру);
Синхрондауды енгізгеннен кейін, ол серверде сақталған деректерді өзгерткен сайын орындалады. Мысалы: сіз құрылғыға бетбелгі қосасыз — Браузер оны серверге жібереді және басқа құрылғыларда жасаған барлық өзгерістеріңізді бір уақытта жүктейді (соңғы синхрондау сәтінен бастап).
Синхрондауды қалай қосуға болады?
Синхрондауу келесі шарттар орындалғанда жұмыс істейді:
Барлық құрылғыларда (компьютер, смартфон, планшет) Яндекс Браузер орнатылған.
Құрылғыны бірінші рет синхрондау қосқан кезде, ол бірнеше минуттан жарты сағатқа дейін уақытты алуы мүмкін. Браузердің жұмысын баяулатпау үшін деректер біртіндеп жүктеледі.
Синхрондау қосылмайды
Windows 7
Windows басқа нұсқалары
Браузер операциялық жүйеде орнатылған түбірлік сертификаттарды пайдаланады, сондықтан сертификатқа қатысты мәселені жүйеде шешуіңіз керек:
Есіңізде болсын, бұл жағдайда тек сервермен байланыс үзіліп, бұған дейін жүктелген деректер Браузерде қалады. Егер олар сізге бұл компьютерде қажет болмаса, оларды қолмен жойыңыз. Оған қоса сіз синхрондалған деректерді барлық құрылғылардан өшіріп тастай аласыз.