Яндекс Браузердің бета-нұсқасының тұрақтылығы төменірек және негізгі нұсқасынан өзгеше болуы мүмкін

Браузердегі деректерді импорттау

Яндекс.Браузердің бета-нұсқасы бетбелгілер, қаралған беттердің тарихы және компьютеріңізге орнатылған басқа браузерден басқа баптауларды жүктеуі мүмкін.

Деректерді былай импорттауға болады:

  • Яндекс Браузерді орнатқаннан кейін автоматты түрде. Бұл жағдайда таңдалған браузерден бүкіл деректер импортталады. Автоматтандырылған импорттаудан бас тартуға болады.
  • Қолмен. Қолмен импорттаған кезде бүкіл деректерді немесе сізге керек бөлек деректерді көшіруге болады.

Ескерту

Яндекс Браузер деректерін қалай көшіруге болатыны туралы Деректерді көшіру бөлімінен біле аласыз.

Автоматтандырылған импорттау

Орнатқаннан кейін Яндекс Браузер сізге басқа браузерден деректерді тасымалдауды ұсынады.

Одан деректерді тасымалдауға болады, сондай-ақ компьютерге орнатылған кез келген басқа браузерді таңдауға болады.

Компьютерге орнатылған қажетті браузерді таңдаңыз және Деректерді тасымалдау түймесін басыңыз.

Импортталатын деректер құрамы операциялық жүйеге және олар жүктелетін браузерге байланысты.

Назар аударыңыз

Егер сіз кездейсоқ қате браузерді таңдасаңыз, одан импортты тоқтату мүмкін емес: деректер бірден қосылады. Бұл деректерді жою үшін ағымдағы профильді жойыңыз, содан кейін жаңасын жасаңыз және басқа браузердегі деректерді қолмен импорттаңыз.

Шектеу

  • Internet Explorer құпиясөздерін импорттау тек OS Windows 8, 10 және одан жоғары нұсқаларда жұмыс істейді.
  • Браузер Mozilla Firefox-тан бірдей разрядты құпиясөздерді импорттайды. Мысалы, Яндекс Браузер 32-bit Mozilla Firefox 32-bit-тегі құпиясөздерді импорттайды.

Импортталатын деректер

Google Chrome

Mozilla Firefox

Opera

Internet Explorer

Edge

Ашық қойындылар

+

+

+

+

+

Іздеу жүйелері

+

+

+

+

+

Тақта

+

+

+

+

+

Бетбелгілер

+

+

+

+

+

Қаралым тарихы

+

+

+

+

+

Құпиясөздер

+

+

+

+

+

Сооkie файлдары

+

+

+

–

+

Кеңейтімдер

+

–

–

–

–

Нысандарды авто толтыру, хаттамаларды өңдеушілер баптаулары

+

+

–

–

+

Файлдарды жүктеу жолдары

+

+

–

+

+

Шектеу

Браузер Mozilla Firefox-тан бірдей разрядты құпиясөздерді импорттайды. Мысалы, Яндекс Браузер 32-bit Mozilla Firefox 32-bit-тегі құпиясөздерді импорттайды.

Импортталатын деректер

Google Chrome

Mozilla Firefox

Ашық қойындылар

+

+

Іздеу жүйелері

+

+

Тақта

+

+

Бетбелгілер

+

+

Қаралым тарихы

+

+

Құпиясөздер

+

+

Сооkie файлдары

+

+

Кеңейтімдер

+

–

Файлдарды жүктеу жолдары

+

+

Нысандарды автотолтыру, хаттамаларды өңдеушілер және файлдарды жүктеу жолдарының баптаулары

+

+

Автоматтандырылған импорттаудан бас тарту

Браузерді орнату кезде диалог ашылады, онда сіз негізгі браузердегі деректерді автоматты түрде импорттаудан бас тарта аласыз:

  1. Тасымалдамау батырмасын басыңыз.

  2. Браузерді қайта жүктеуді растаңыз — содан кейін барлық импортталған деректер бірден жойылады.

Қолмен импорттау

Браузерді орнатқаннан кейін сіз компьютерде орнатылған кез келген браузерден деректерді өзіңіз импорттай аласыз. Бүкіл деректерді немесе өзіңізге керек бөлек деректерді көшіруге болады.

Ескерту

Егер сіз бұрын импорттаған болсаңыз немесе Браузерді қолданған болсаңыз, жаңа импорттау кезінде деректеріңіз жоғалмайды. Жаңа деректер бұрыннан бар деректерге қосылады.

Деректерді тасымалдау үшін:

  1. Оң жақ жоғарғы бұрышта Настройки Яндекс Браузера → Баптаулар опциясын басыңыз.

  2. Жалпы баптаулар бөлімінде Деректерді импорттау батырмасын басыңыз.

  3. Ашылған терезеде деректерді жүктеу қажет браузерді таңдаңыз.

  4. Көшіргіңіз келетін деректер түрін (қойындылар, бетбелгілер, құпиясөздер және т. б.) белгілеңіз.

  5. Көшіруді басыңыз.

Қолдау қызметіне жазу